Қарасайлық еріктіге «Халық алғысы» медалі берілді

0
521

Елтай ауылында тұратын, волонтерлікпен көзге түсіп жүрген Әлия Сатпаева «Халық алғысы» медаліне ие болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Дүниежүзін дүр сілкіндіріп, қоғамды алаңдатқан коронавирус індеті біздің елге де таралып, көпшілікке үрей туғызғаны белгілі. Соған байланысты халықтың қауіпсіздігі үшін мемлекетімізде төтенше жағдай енгізіліп, сақтық шаралары қолға алынды. Осындай ел басына күн туған шақта тұрғындардың амандығына алаңдап, медицина және полиция қызметкерлерімен қатар, еріктілер де белсенділік танытып, қол ұшын созды.

Біз айтқан елеулі істе ерлік танытып жүрген жандардың қатарында Елтай ауылында тұратын Әлия Сатпаева да бар. Оның үлгі аларлық игілікті істерін бұған дейін айтқан болатынбыз. Бүгін, міне, қарасайлық ерікті Әлия Нұрмұхамедқызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Халық алғысы» медаліне ие болды.

Мәртебелі марапатты аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова табыс етіп, медаль иесінің осы уақытқа дейін атқарған жұмысына ризашылығын айтты. Сондай-ақ, Күлжан Әділханқызы волонтерлікпен айналысу екінің бірі атқара бермейтін шаруа екенін жеткізіп, Әлия Сатпаеваның алдағы өміріне, игі бастамаларына сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь