Елімізде 1 ақпаннан бастап ресейлік коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы салына бастады. Алғашқы кезеңде инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына екпе жасалатын болады. Аталған дәріге сенім білдіру мақсатында алғашқы болып ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қабылдаса, ал, ауданда бас дәрігер Мәулен Малғаждаров бірінші болып егілді. Аудан бойынша да вакцина барысы бүгінгі күнге дейін қалыпты деңгейде жүргізілуде. Қарасай ауданаралық көп салалы аурухана директорының ұйымдастыру әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары Руслан Ерланұлының сөзіне сүйенсек, қазір аурухана 550 дозалы вакцина бар. Оның айтуынша, вакцинация профилактикалық егуге қарсы көрсеткіші жоқ адамдарға рұқсат етіледі. Екпе алмас бұрын дәрігердің тексеруінен өту керек. Тек қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана вакцина салынады. Одан екпе қабылдаған адамның жай-күйі 30 минут бойы дәрігердің назарында болады. Аудандық емханада аталған екпе салдыруға және оны қабылдаған адамның жағдайын бақылауға арналған арнайы кабинеттер бөлініп, жауапты дәрігерлер бекітілген. Аудан бойынша жалпы екпе қабылдау басталғаннан бері төрт ішінде 125 медицина қызметкерлеріне ерікті түрде дәрі егілген. Қазіргі таңда вакцина қабылдаған дәрігерлердің жағдайы қалыпты. Денсаулықтарына қарсы әсері байқалған жоқ. Дәрігерлер жиырма бір күннен кейін вакцинанын екінші дозасын алуға дайын екендіктерін айтуда. Айта кету керек, бірінші кезеңде, яғни ақпаннан медицина қызметкерлер екпе қабылдаса, ккінші кезеңде наурыздан бастап педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері, сәуірден бастап студенттер вакцина салдырады. Алайда, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға ұсынылмайды, себебі вакцинаны бұл жас ерекшелік тобында қолдану әлі зерделенбеген. Коронавирус инфекциясына қарсы вацинациялау эпидемологиялық жағдайға байланысты 2021 жылдың соңына дейін жалғасады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь