Қарасай аудандық ұйымдастыру бөлімінде – жаңа басшы

0
222

Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмету туралы» Заңының 27-бабы, 10-тармағына және ҚР Президентінің №152 Жарлығына сәйкес, Сүлейменов Еркебұлан Османұлы Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөліміне басшысы болып тағайындалды.

Еркебұлан Сүлейменов 1995 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2014-2018 жылдары аралығында НАРХОЗ университетінде «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2018 жылдың тамыз айында Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «статист» маманы ретінде бастап, 2018 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь