Қарағанды маңында әскери ұшақ құлады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Қорғаныс министрлігі мен sputniknews.kz сайттарына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 16 сәуір күні әскери кезекшілік атқаруға дайындалу барысында болған.

Қазіргі уақыттағы ақпаратқа сүйенсек, Қарағанды қаласы маңында  апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилконың басқарғандары белгілі болды. Апат орнына  Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келген.

Ұшқыштарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды. Ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісі орташа ауырлықта деп баға беруде.

Қорғаныс министрлігі тағайындаған комиссия авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апат орнына Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ұшып кетті.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылған болатын. Бұл  МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұдан бұрынғы оқиғалар 2007, 2008, 2013 жылдары орын алған болатын.

Видео Азаттық рухы ютуб каналынан алынды

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь