Қарағанды академиясына талапкерлер қабылдануда

0
96

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына талапкерлерді қабылдау жүруде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Академияның күндізгі оқу факультетіне түсетін 16 жасқа толған орта және арнаулы орта білімі бар 25 жасқа дейінгі, әскери қызмет пен оқуға денсаулығы жарамды, ұлдардың бойы – 170 см, қыздардың бойы – 165 см азаматтар қабылданады.
Оқу мерзімі 4 жылды құрайды, білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Курсанттар толықтай мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Академиядағы әр курсы шұғыл әскери қызметті өтеумен тең болады. Оқу процесінде курсанттар казармада тұрады және тамақпен киіммен қамтамасыз етіліп, Республикалық бюджет есебінен оларға шәкіртақы төленеді.

Оқуды аяқтағаннан соң бітірушілерге «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріліп, оқуға жіберген ІІО бөліністеріне міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қоса, басқа да ақпаратты Қарасай ауданы Полиция басқармасы Кадр саясаты бөлімшесінің 8707 247 03 69 WhatsApp(тек қана WhatsApp) нөміріне хабарласып біле аласыздар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь