Қар құрсауынан 30 адам құтқарылды

0
272

Алматы облысында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақсу ауданындағы Көшкентал ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік жүргізушілері қар құрсауында қалған.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тұрғындардың жолда қалып қойғаны жөнінде хабарлама түскеннен кейін құтқарушылар тобы бірден іске кіріскен. Нәтижесінде, Урал базасындағы «Шнекоротор» арнайы техникасын қолдану арқылы автожол учаскесі қар құрсауынан тазартылып, 10 автокөлік сапарларына қайта шығарылған. Автокөліктер салонында болған 30 адам құтқарылып, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Тағы бір айта кетерлігі, бүгін сағат 9.30-дан бастап «Алматы – Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» облыстық маңызы бар автожол учаскесінде (0 шақырым мен 45 шақырым арасында) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь