«Қандас» мәртебесін беру немесе ұзарту

0
1550

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды.  Қазір қандас мәртебесін ХҚО арқылы алуға болады, хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Оның жолдары мынадай:

— толтырылған өтініш (үлгісін Egov-тан жүктеуге болады);

— еркін түрде жазылған өмірбаян;

— отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері;

— жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі;

— отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті.

Егер барлық құжатар  дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі.  Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш береді немесе мәртебені ұзарту қажет болады.

Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартады немесе мәртебені алуға өтініш береді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь