Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта ашылады

0
126

Алматы халықаралық әуежайы бірнеше рейстің қайта жаңданғанын мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданғанын қуана хабарлаймыз. Қырғыз Республикасына кіру үшін орыс немесе ағылшын тілінде жазылған теріс нәтижесі бар ПТР тестін көрсетуіңіз керек. Анықтаманың қолдану мерзімі — талдауды алған сәттен бастап 72 сағат. 7 жасқа дейінгі балаларға ПТР тест қажет емес» делінген әуежайдың Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, хабарламада наурыз айында Киевке рейстерді ашу жоспарланып отырғаны айтылған.

«Қазақстандықтарға Украина аумағына кіру үшін ПТР сынағының қажеті жоқ. Алайда, сақтандыру полисі болуы шарт. Сақтандыру полисінің бағасы — үш күнге 3,30 евро + әрбір келесі күн үшін 0,80 евро. Полис Covid-19 инфекциясын жұқтырып алған жағдайда емделуге, дәрі-дәрмек пен ПТР тестін тапсыру үшін қажет. Сақтандыруды мына жерден алуға болады: www.visitukraine.today. Егер сіз Украина аумағында 90 күннен артық болсаңыз сақтандыру полисі 30 000 еуро көлемінде беріледі»,  деп хабарлады әуежайдағылар.

Одан бөлек, Алматыдан Мәскеуге (Домодедово) рейстер саны көбейді. Аптасына 2 рет – сейсенбі мен жұма күндері ұшады.

Халықаралық рейстерге билетті сатып алғанда жолаушыларға елге кіру ережелері туралы қосымша кеңес беріледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь