Алматыда қару-жарақ құрастырып, сатып келген 10 адам сотталды

0
734

Ұлттық қауіпсіздік комитеті әшкерелеп, ұстаған заңсыз қару-жарақ сатқан қылмыскерлер сотталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылы маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізумен заңсыз айналысқан халықаралық арнаның жолын кескен еді.

«Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам оқ пен қарудың керек-жарағы алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмысқа қатысы бары анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәріні ұрлап келген», делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды. Биылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен айыпталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь