Алматы облысының мәслихат хатшысы қарасайлық ардагерді құттықтады

0
83

Алматы облысының мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаев қарасайлық Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бүгін Алматы облысының мәслихат хатшысы Жанболат Әкебайұлы 100 жасқа келген Қырғауылды ауылының тұрғыны Иса Керімтаевтың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Ж.Жөргенбаевпен бірге Қарасай ауданының мәслихат хатшысы Бауыржан Айнабеков пен Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Туленбаев та қариямызды ардақтап, сый-сияпаттарын табыстады. Атамыздың үйіне арнайы келген қонақтар 1 ғасыр жасаған ардагердің Жеңіс жолында көрсеткен батырлығына ризашылығын білдіріп, оның ерліктері ұрпаққа үлгі әрі ұмытылмайтынын жеткізді.
Ұлы Отан соғысының ардагері де келген қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь