Алматы облысында жаңа мешіт бой көтерді

0
414

Қазан айының 23-і күні облыс орталығы Талдықорған қаласында Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаражатына салынған «Тәубе» атты жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ашылу рәсіміне осы мешіттің қалануына қаржылай қолдау көрсеткен белгілі мецинат Болат Назарбаев, облыс әкімі Амандық Баталов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт қатысып, қаланың сәні мен ізгіліктің нышанына айналатын жаңа сәулетті ғимараттың құрылысының аяқталуымен құттықтады.

Құрылысы 2018 жылы басталып, аумағы 2 000 шаршы метр алып жатқан жаңа мешіт үш мыңға жуық адамды қабылдай алады. Заманауи архитектуралық шешімдер қабылданған мешіттің құрылысы ерекше салынған. Екі қабаттан тұратын «Тәубе» мешітінде биіктігі 40 метр болатын екі мұнара бар. Күмбездің диаметрі – 18 метр, биіктігі – 10 метр.

Сондай-ақ, мешітте намаз оқу үшін қолайлы жағдай жасалған. Ғимаратта кондициялау жүйесі қолданылып, барлық намаз оқу залдарында «жылы еден» жүйесі енгізілген. Қауіпсіздікті сақтап, респираторлық инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында мешітте санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған.

Айта кетейік, нысанның бой көтеруіне демеуші болған «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 2016 жылы Болат Назарбаевтың бастамасымен құралған еді.

Осы уақытқа дейін оның қолдауымен Алматы облысында 350 орынға арналған мешіт, Алматы қаласында 1 000 адамға арналған мешіт салынды. 2020 жылы қор коронавирусқа қарсы күрес үшін 150 миллион теңге бөлді. Түркістан облысының Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жиырма үй салып берді. Алғашқы күні-ақ жапа шеккен жандарға 20 тонна гуманитарлық жүк жеткізді. Аз қамтылған отбасылардың 20 баласы жазғы лагерьде демалды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысының аз қамтылған отбасылардың оқушыларын қолдау мақсатында жеке қаражатынан қашықтан білім алу үшін 1 000 ноутбук үлестірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь