Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды соққыға жыққан

0
156

Алматы облысында аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соқты. Жасөспірім Алматы балалар ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Әлеуметтік желілерде зардап шеккен жасөспірімнің суреті тарап жатыр. Жазба сипаттамасында оқиғаның Боралдай кентіндегі «Сахарный» аялдамасында болғаны айтылған. Жәбірленушінің анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

Алматы облысының полиция қызметкерлері оқиға 13 мамырда сағат 18.35 шамасында Боралдай кентіндегі Космонавт көшесіндегі аялдамада болғанын айтты.

– Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал болып, екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан. Кейін қылмыс орнынан таксимен қашып кеткен. Миы шайқалған 16 жастағы жәбірленуші Алматыдағы № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дерек Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – дейді полиция өкілі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь