Алматы облысында «Аshyq» жобасы іске қосылады: жаңа қаулыда қандай өзгерістер бар?

0
128

26 сәуірден бастап Алматы облысында бірқатар кәсіпкерлік нысандар «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Ashyq» жобасын кәсіпкерлік нысандарда енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Жобаға қатысатын объектілерде жұмысты шектеудің келесі өлшемдері көзделеді:

  • Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі жоғары «қызыл аймақтағы» аудандар мен қалаларда  «сары аймақтағы» шектеулер қолданылады;
  • «сары аймақтағы» аудандар мен қалаларда «жасыл аймақтағы» шектеулер қолданылады.

Жаңа қаулыға сәйкес, ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар) оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, барлық меншік нысанындағы мынадай орта білім беру нысандарының жұмысына рұқсат беру:

  • 300 оқушыға дейінгі контингенті бар сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі форматта қабылдау;
  • жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды сыныптардың оқушылары үшін кезекші сыныптардың (сыныпта 15 адамнан артық емес), 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда;
  • бітіруші сыныптардың (9,11,12 сыныптар) құрамдастырылған форматта аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан;
  • оқу мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға;

Одан бөлек, жақын туыстарының қатысуымен 15 адамнан аспайтын жерлеу рәсімдерін өткізуге рұқсат етіледі.

Жоғарыда атап көрсетілген бірқатар өзгерістер жаңа қаулы ретінде 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап күшіне енеді. Ал, Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің соңғы шыққан №8 және №9 қаулылары дүйсенбіден бастап (26 сәуір) күші жойылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь