Алматы облысында 446 оқушы COVID-19 індетін жұқтырды

0
154

Алматы облысында 1 қыркүйек пен 14 қыркүйек аралығында 446 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

205 оқушы оқу маусымы басталмай тұрып, яғни, жазғы демалыста жұқтырған. Ал, 234 жағдай оқу жылы басталғанда тіркелген.

7 оқушы онлайн форматта оқып жүріп инфекцияны үйінде жұқтырған. Қазіргі таңда індет жұқтырған оқушылар оқшауланып, олар оқыған сыныптар карантинге жабылды. 3 мыңға жуық оқушы қашықтан білім алуға мәжбүр. Жалпы өңір әлі «қызыл аймақта». Облыста бір тәулікте жалпы 218 адамнан коронавирус анықталды.

– Қазіргі кезде 129 мектептің 229 сыныбы үй карантиніне жіберілген болатын. Оның ішінде 2 866 оқушы қашықтан оқуға жіберілді, – деп мәлімдеді Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әлия Шағиахмет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь