Алматы облысында 101 мың адам вакцина алды

0
64

Алматы облысы бойынша 20 сәуіріндегі мәліметке сүйенсек, COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның І компонентін 101 477 адам салғызған, тағы 10432 адам ІІ компонентін алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіе сілтеме жасап.

Екпеге қатысты ақпаратты Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлімдеді. 

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша вакцинаның І компонентін салдырғандардың 17 мыңнан астамы – медициналық мамандар, 25 мыңы – педагогтар, сол сияқты учаскелік полициялар, студенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және т.б. бар.

ІІ компонентін 7298 медицина маманы, 2801 педагог, сондай-ақ, учаскелік полициялар, мемлекеттік қызметшілер және басқалар салдырды.

Е.Сыдымановтың айтуынша, өңірде вакцинадан кейінгі кері әсер мен асқынулар тіркелмеген.

Айта кетейік, Алматы облысында 239 егу пункті, 134 көшпелі бригада жұмыс істейді. Әр пункт 7 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь