Алмалықбақ ауылында «street workout» ашылды  

0
250

Бүгін аудандағы тағы бір заман талабына сай «street workout» Ұмтыл ауылдық округіндегі Алмалыбақ ауылында да ашылды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Біраздан бері жоспарланған нысан халық игілігіне берілер күнді күткен ауыл тұрғындары мен балалар  жиналды. Сонымен қатар, салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов, Ұмтыл ауылдық округінің әкімі Серік Үмбеталиев, Алматы облысының мәслихат депутаты Жанна Жазықбаева, Қарасай ауданының мәслихат депутаты Елена Константинова қатысты. Әбден тозығы жетіп, қараусыз қалған Алмалыбақ ауылындағы саябақтың іші жаңаша түрленіп, демалыс орнына айналды. Оның  аумағы тұрғындар қолайлылығы үшін толығымен қоршалып,  абандаттандырылып, орындықтар қойылып,  жарық шамдар орнатылған. Саябақ ішінде бой көтерген «street workout» қарапайым тілмен айтқанда, ашық аспан астын­дағы спорт алаңы енді халық игілігіне қызмет ететін болады. Ептілік пен шымырлық, жеңілдік пен жылдамдыққа үйрететін жаңа алаңның құрылысын «Lider Stroi» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Қолданысқа берілген демалыс орнына әсіресе ауыл тұрғындары дән риза. Көпшіліктің атынан Ұмтыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов пен аналар кеңесінің төрайымы Нағима Сағатова ізгі тілектерін білдірді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь