Алғыс айту күні аясында Жетісу өңірінде бірқатар іс-шаралар атқарылады

0
152

Әртүрлі этнос өкілдерінің басы қосылған Қазақстан үшін ерекше мереке болып табылатын Алғыс айту мерекесін абыроймен атқару әр өлкеге міндет екені даусыз. Осы орайда, Алматы облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Алғыс айту мерекесінде түрлі іс-шаралардың атқарылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Jetisu media» ақпараттық орталығының ақпаратына сілтеме жасап.

Жетісу жерінде айтулы күннің аясында «Туған елге мың алғыс!» атты жалпы ұлттық эстафетасы алғашқы шаралардың алды болды.

– Эстафетаның қатысушылары әлеуметтік желілерде өздерінің алғыстарын жариялап бөліседі. Эстафета 2021 жылдың 5 наурызына дейін жалғасады. Сондықтан барлық тілек білдірушілерді «Туған елге мың алғыс!» атты челленджге қатысуға шақырамыз, – деді «Қоғамдық Келісім» КММ директорының орынбасары Жандос Бауыржанұлы.

Сонымен қатар, 1 наурызда Қаратал ауданындағы Бастөбе тауының етегіндегі «Қазақ халқына мың алғыс!» монументінің жанында жыл сайынғы салтанатты митинг өтеді. Сол күні Талдықорған қаласының оқушылар сарайында «Үлкен ел — үлкен отбасы» жобасы аясында Алғыс айту күніне арналған «Біз алғысқа бөленген елде тұрамыз!»атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық форум өтетінін болады.

Облыс көлемінде Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп «қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталады. Осы марафон аясында 2021 жылы еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Алматы облысында ҚХА қайырымдылық акциялары өтеді.

Жалпы айтқанда, бұл күн – қайырымдылық дәстүрлерін, ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау және тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болмақ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь