«Айдың нұры» қоры баспана сыйлады

0
159

«Айдың нұры» қоры баспана сыйлады

Бүгін  қанша жылдан бері пәтер жалдап келген әлеуметтік жағдайы төмен, тоғыз баласы бар Картеновтар отбасы үйлі болды. Бұл қайырымды іске қол ұшын созған   елімізге белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері, «Айдың нұры»  қорының құрылтайшысы әрі   төрайымы Айнұр Тұрсынбаева, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

«Айдың нұры» қайырымдылық қоры директоры, заңгері Мөлдір Ақылбекованың айтуынша, қор үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін онда жиналған ақшаға республика  бойынша карантин кезінде қиналған отбасыларға азық-түлік таратылған, ауруханаларға 1000 тыныс алу аппараттары сатып алынған, қашықтан оқып жатқан, әлеуметтік жағдайы төмен 200 балаға ноутбуктер алыныпты.   Сонымен қатар,  аймақтар бойынша мұқтаж отбасыларға пәтерлер алынып жатыр. Ауданымызда орналасқан Қайнар ауылындағы Картеновтар  отбасына беріліп жатқан қордың 29-шы баспанасы. Әрине, пәтер берудің өзінің тәртіптері бар. Жеке бастарында пәтерлері жоқ жандардың бәрі базадан зерттеліп, зерделеніп, комиссия арқылы шешіледі. Баспаналы Есперген мен Айсұлу бұл қорға өздері хабарласып көмек сұраған. Осылайша, қайырымды жандардың көмегімен өз кезектері бойынша олар үйлі болды. Қайнар ауылында орналасқан баспана 100 шаршы метрлі  бес бөлме. Үш жатын, бір қонақ және бір ас бөлмелері бар, су кіргізіліп, жуынатын бөлмелер де ішінде орналасыпты. Кең әрі жарық болған үйге, әсіресе, балалар дән риза.

Оларға  үйдің кілтін ресми түрде тапсыру сәтіндегі қуаныштарына ортақтасуға  Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатай, осы ауылдың аналар алқасының төрайымы Какан Есергенова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бахытжан Альменбетов берекелі шаңыраққа арнайы келді. Олар да өз кезегінде қоныс иелерін құттықтап, ақ тілектерін білдіріп, қариялар баталарын берді. Қор өкілдері Мөлдір Әшімханқызы мен Ғалия Өзбекбайқызы кілтті табыс еткен соң, тәттіден шашуларын шашып балаларды тағы қуантты. Бірінші Май ауылдық округі өз аттарынан Картеновтар отбасына кілем сыйлап, «Айдың нұры» қорының төрайымы Айнұр Тұрсынбаева арналған Алғыс хатты табыс етті. Жаңа кең үйге қадам басқан қоныс иелерін біз де өз кезегімізде құттықтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь