Қай елдерге визасыз баруға болады?

0
3617

Қазақстандықтар 2020 жылы бірқатар елдерде визасыз жүре алады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Биылдан бастап мемлекетіміздің тұрғындары Грузия елінде бір жыл бойы визасыз жүре алса, Арменияда 180 күнге визасыз барып келуге болады.

Ал, Әзірбайжан, Албания, Беларусь, Колумбия, Коста-Рика, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Намибия, Ресей, Түркия, Украина сияқты мемлекеттерге 90 күн ішінде баратын болсаңыз оған визаның қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ, Аргентина, Барбадос, Бразилия, Индонезия, Малайзия, БӘА, Сейшель аралдары, Сербия, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Эквадор елдеріне және Қытайдың Хайнань аралына 30 күнге визасыз мүмкіндік бар.

Шетелге кіріп-шығу барысында электрондық визаның маңызы зор. Оны кейбір елдердің консульдықтарының сайттарынан да алуға болады. Ол оңай әрі тезірек. Оған, әрине, бірнеше құжаттар қажет болатынын да ескерген жөн. Сонымен электронды виза арқылы мына елдерге баруға болады: Бахрейн, Бенин, Вьетнам, Габон, Джибути, Зимбабве, Үндістан, Камбоджа, Катар, Кения, Кот-д’Ивуар, Лесото, Мьянма, Пәкістан, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Сент-Китс және Невис, Сингапур, Уганда, Шри-Ланка, Эфиопия.

Жалпы, электрондық виза (іскерлік, туристік және емделу үшін) ҚР Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен ресімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір реттік визаны электрондық форматта алу рәсімі енгізілген болатын. Шетелдіктер бұл электрондық визамен тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы еліміздің аумағына кіріп-шыға алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь