Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

0
806

Ұлы Отан соғысы кезінде жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың есімі Ақтөбе әуежайына берілді. Соның дәлелі ретінде жақында әуежайдың тақтайшасы ауыстырылды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Womenofkz әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін құртқан қазақтың қызы 1944 жылдың 4 маусымында Кеңес одағының батыры атағын алған.

Әлия есімімен аталатын көшелер, ондаған мектеп (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы бар. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Петербор , Новосокольники қалаларында ескерткіш орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь