Ақтөбе облысының мұғалімдеріне интернетке кеткен 10,2 миллион теңге шығын өтелді

0
130

 

Ақтөбе облысының прокуратурасы пандемия кезінде мұғалімдердің интернетке кеткен шығынын өтеп берді,  деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қадағалау шаралары бойынша 10,2 миллион теңге мөлшерінде шығын өтелген. Ведомство мәліметінше, 15158 оқытушының үй жағдайында интернет-байланыс арқылы 138 935 оқушыны қашықтан оқытқаны анықталды.

Мысалы, Қобда орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі А.Б. Қызылғұлова сәуір мен мамыр айлары аралығында қашықтықтан оқыту кезінде электр энергиясына, интернетке және басқа да коммуналдық шығыстарға 2000 теңге артық төлеген.

«Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Қызметкер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі қызметкермен келісім бойынша белгіленеді. Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерге жұмыс берушінің жұмысын орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін», — дейді прокуратурадағылар.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь