АҚШ-та вакцина салдырғандар арасында 1 миллион долларға лотерея ойнатылып жатыр

0
134

АҚШ-тағы Огайо штатында тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға ынталандыру үшін лотерея ұйымдастырылды. Жеңімпазға 1 миллион доллар ақшалай сыйлық беріледі, – передает Karasayinfo.kz желілік басылымы жергілікті WHIO порталына сілтеме жасап. 

Огайо губернаторы Майк Девайн ұтыс ойынына тек вакцина алған ересек тұрғындар қатысатынын айтты. Лотерея федералды үкіметтің коронавируспен күресуге бөлінген қаражатынан төленеді. Вакцина салдырғандардың арасында апта сайын бір миллион доллар ойнатылады. Оған қатысу үшін препараттың екінші дозасын алу міндетті емес.

– Кейбіреулер «Девайн, сен жындысың! Ақшаны ысырап етесің» деп айтуы мүмкін екенін білемін. Алайда, қазір біз үшін тұрғындарымызды вакциналау өте маңызды, сондықтан кез келген әдісті қолдануға дайынбыз», – деп жазды губернатор Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет вакциналанған 18 жасқа дейінгі тұрғындарға да лотерея жасады. Оларда 1 миллион доллардың орнына Огайо университеттерінің бірінде оқуға төрт жылдық стипендия жеңіп алуға мүмкіндік бар.

Бұған дейін Нью-Джерсиде де ұқсас шара ұйымдастырлған. Штат губернаторы мамырда коронавирусқа қарсы вакцинацияланған әрбір ересек адамға бір стақан сыра беруге уәде етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь