Ақпараттық технологияларды қолдануға арналған семинар-кеңес

0
750

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық технологияларды қолдану бағыттары бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» атты семинар-кеңес өткізілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Оған Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі, Алматы облысы бойынша ұлттық ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары, Қарасай және Жамбыл ауданы әкімдіктерінің бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округтің әкімдері мен мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев жүргізген жиында алдымен жиналғандарға Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы Ержан Мұратұлы Сабитов өткен, яғни, 2019 жылдың қорытындысы туралы айтып, биыл атқарылуға тиісті істер бойынша бағыт бағдар берді. Ал, Алматы облысы бойынша ұлттық ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары ақпараттық жүйелердің жұмысы жайлы кеңінен баяндап, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап қайтарды.

Сонымен қатар, Ержан Мұратұлы 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша «Tabiya-consult» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген зерттеу нәтижесі туралы әңгімелеп, осы орайда кемшіліктерді болдырмау жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету керектігіне тоқталып, осы бағыттағы істердің тиімділігін арттыру туралы да атап айтты.

Семинар-кеңес соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь