Ақмола облысында кәсіпкерлер мемлекетке миллиардтаған шығын келтірді  

0
70

Елорда мен Ақмола облысының тұрғындары мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірді, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар бюджетке аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтаруға тырысып, бизнес субъектілеріне жалған шот-фактура жазған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Тергеу барысында айыпталушылар заңға қайшы әрекетімен мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса сомаға материалдық залал келтіргені анықталды», — делінген прокуратура хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа деректер жария етілмеді.

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь