Ағайындылар бірнеше мешітті тонаған

0
330

Қызылорда облысының бірнеше ауылында мешіттердегі садақа жәшіктерін бұзып, ақша алып кеткен екі адам қолға түсті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыстық оқиға Жаңақорған ауданына қарасты бірнеше ауылдың мешітінде болған. Сұғанақ қолды ұрылар мешіттерге түнде терезе арқылы кірген. Жәшіктерді бұзып, онда тұрған ақшаны алып кеткен.

Бұл жөнінде мешіттер имамдары Жаңақорған аудандық полиция бөліміне шағым түсірді.

Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел-тергеу топтары жіберілді. Полицейлер іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті екі азамат ұсталды.

«Күдіктілер Түркістан облысының ағайынды 26 және 32 жастағы тұрғындары екені белгілі болды. Олар жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь