500 мың теңгеден таратылып жатыр деп ойлаған қызылордалықтар ұятқа қалды

0
83

Әлеуметтік желілерде Қызылордадағы жұмыспен қамту орталығында жиналған бір топ адам бір-бірін итере нысанға терезе арқылы кіргені түсірілген видео тарады. Олар айғайлап, төбелес шығаруға дейін барған, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Қалада жарты миллион теңге грант таратылып жатқаны туралы ақпарат пайда болғаны анықталды. Ол жерде грант тек бүгін берілетіні айтылған. Шын мәнінде орталыққа «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алуға өтініш берген жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер шақырылған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі. Олар жеке-жеке бизнес жоспар құрып, қорғайды. Егер комиссия бизнес жоспардың болашағы бар деп бағаласа, қатысушыға 200 АЕК (583 400 теңге) көлемінде грант береді.

Тараған ақпаратты дұрыс түсінбеген халық жұмыспен қамту орталығына жиналып, шу шығарған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь