25 мамырдан бастап Алматыдағы барлық ХҚО мен дәмханалар ашылады

0
770

25 мамырдан бастап Алматы әкімдігі барлық дәмхана, мейрамхана, ХҚО-ларды ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нысандардың жұмысын жалғастыру жөнінде Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов мәлімдеді.

– 18 мамырдан бастап туризм, ұялы байланыстың абоненттік бөлімдері, банк бөлімшелері, қаржы секторы толық ашылды. 25 мамырдан бастап карантин режимін босаңсыту аясында қаладағы барлық сауда үйлерін, сауда ойын-сауық орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз. Қалада осындай 140 нысан бар екен. Сонымен қатар, мейрамхана, дәмханалар да ашылады, – деді Қ.Сағындықов.

Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары мұндай мекемелерде келушілердің санына қатысты шектеу жоқ екендігін де мәлімдеді. Оның айтуынша, ең бастысы — санитарлық талаптар толық орындалуы тиіс. Үстелдердің арасы 2 метрден кем болмауы керек. Бір үстелге бір отбасының 4 адамы ғана отырғаны абзал. Қоғамдық тамақтану орындары 23:00-ге дейін ғана ашық тұрады. Бірақ банкет, той жасауға тыйым салынады.

Тағы бір айта кетерлігі, Алматыда осы уақытқа дейін санитарлық талаптарға сай келмеу себебінен жабық тұрған азық-түлік базарлары да ашылады.

– Бұл айтылғандардан бөлек, қаладағы барлық қонақ үйлер, ХҚО ашылады. Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда орындарына қатысты талаптарды жариялады. Бұл туралы InfoAlmaty.kz сайтында бәрі жазылған, – деді басқарма басшысының орынбасары Қанат Сағындықов.

Басқарманың мәлімдеуіне сүйенсек, бірінші кезеңде сауда ойын-сауық орталықтарындағы бутиктер, мейрамханалар, химтазалау ашылады. Екінші кезеңде — қоғамдық тамақтану орындары, яғни, фудкорт, үшінші кезеңде — кинотеатрлар, ойын-сауық алаңдары ашылады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь