24 млн теңге жеген мектептің бас бухгалтері 5 жылға сотталды

0
488

ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің мәлімдеуінше Атырау облысында орта мектеп бас бухгалтерінің бюджет қаражатын ірі мөлшерде жымқыру әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген 24 млн теңгеден астам сома көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Айыпты тұлға заңға қайшы әрекеттерін жасауда қызмет бабын пайдаланған Жылыой ауданының №22 орта мектебінің бас бухгалтері.

Жылыой аудандық сотының үкімімен бас бухгалтер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік мекемелерде жауапты лауазымдарды иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь