2025 жылға дейін 3561 ауыл жаңғыртылады

0
120

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Биыл 480 ауыл жаңғыртылатынын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ауылдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл 480 ауыл жаңғыртылатын болады», — деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, 2021 жылы аталған жобаны негізінен Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары қарқынмен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«2025 жылға дейін 3 561 ауыл жаңғыртылатын болады. Бұл ауылдық жерлердегі өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторына айналады», — деді Асқар Мамин.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь