18 жасар Ұлыбританиялық азамат жаңа рекорд орнатты

0
991

 Травис Лудлоу бір моторлы ұшақпен дүние жүзіне саяхаттап, әлемдік рекорд орнатты. Бұл жаңалықты BBC News жариялапты, деп хабарлайды karasayinfo.kz , lenta.ru сайтына сілтеме жасап

Лудлоу әлемдік рекорд бойынша жер шарын 44 күнде айналып шыққан ең жас ұшқыш атанды. Оның алдындағы рекордшы 13 күн ұзақ саяхаттаған еді. Рекордсмен ұшақпен 40 мың шақырымнан аса жол жүріп, саяхатын Нидерландыда аяқтады.

Лудлоу әуе кемесін басқаруға күн сайын сегіз сағат жұмсап, тәулігіне бір жарым мың шақырымға дейін тоқтаусыз жүрген. Оның жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Басылымның мәліметінше, рекордшы 13 елде — Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Канада, Гренландия, Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Марокко, Франция және Бельгияда тоқтаған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь