14 жастағы астаналық 20-қабаттың балконынан құлады. Желіде тағы бір күмәнді ойын туралы айтылып жатыр

0
112

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәлімдеуінше, 14 жастағы жасөспірім 20-қабаттың балконынан құлап түсті. Оқиға болған кезде оның анасы үйде болған, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қайғылы оқиға туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында хабарлады. Ол оқиға орнынан видео салып, бұл жайт «Триумф Астаны» тұрғын үй кешенінде болуы мүмкін деп болжаған.

– Астанада «Көк китке» ұқсас жаңа ойын пайда болды деген қауесет тарады – белгілі бір деңгейден өту үшін қандай да бір тапсырмаларды орындау керек, бірақ, ойыншы өзіне қол жұмсау туралы бұйрық та алуы мүмкін, – дейді журналист.

Полиция департаментінің өкілдері 29 мамырда сағат 23.18-де Есіл ауданының полиция бөлімшесіне Қабанбай батыр даңғылында 20-қабаттың балконынан кәмелетке толмаған бала құлап кеткені туралы хабар түскенін айтады.

– Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға кезінде 14 жастағы жасөспірімнің анасы үйде болған. Жасөспірімнің жеке компьютерін алып тексеру кезінде оның суицид бағытындағы сайтта отырмағаны немесе ойын ойнамағаны анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, – деді баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, осыған ұқсас жайт 22 ақпанда да болған еді – 14 жастағы жасөспірім 16-шы қабаттан құлап түсті. Бұл туралы NewTimes хабарлады.

Былтыр 143 жасөспірім суицид жасаған. Кәмелетке толмаған тағы 306 бала өзіне қол жұмсамақ болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь