1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

0
471

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ksrasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне жария етті.
Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартты.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінде 350 мыңға жуық өтініш болған. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды. Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етілген де болатын.
Дегенмен, медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылады.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасатындығы туралы хабарлаған болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь