1 мыңнан астам пәтер «7-20-25» бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі

0
506

Алматы облысында биылғы жылы жалпы көлемі 219 764 м2 болатын 2 094 пәтерлік  93 коммерциялық және несиелік тұрғын үй салу жоспарланған, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Аталған жоспарға сәйкес «7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 82 089 шаршы метрді құрайтын 1094 пәтер берілу жағы да қарастырылған. Оның ішінде Алакөл, Іле, Қарасай, Көксу, Талғар аудандары және Қапшағай, Талдықорған қалалары бар.

2019 жылы Алматы облысында 894,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілсе, биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздерін еспке алғанда тағы 938,8 мың м2 тұрғын үй салынатынын атап өтуге болады.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, коммерциялық үйлердің құрылысы облыстың барлық аудан, қалаларында жүргізіледі.  Мәселен, биылғы жылдың 3-ші тоқсанында біздің аудандағы «Қарлығаш» тұрғын үй кешеніде жалпы алаңы 6758 м2 64 пәтерлік 2 тұрғын үй салу жоспарланған. Атап өтсек, бұл тұрғын үй кешені инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдармен толықтай жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді. Дәл осындай жоспарлы құрылыс жұмыстар жоғарыда атап өткен аудандар мен қалалар да жүзеге асатын болады.

Бір айта кетерлігі, Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2020-2022 жылдардағы тұрғын үй массивін дамыту жоспарына жалпы алаңы 31,5 млн. м2 болатын 120 554 пәтерлік 43 массив енгізілген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь