Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жылдам әрекет етіп, жақсы көмектесті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 28 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жылдам әрекет етіп, жақсы көмектесті
20:32, 19 мая 2017

Жылдам әрекет етіп, жақсы көмектесті


Оқыс жағдай табан астында орын алатыны белгілі ғой. Осыдан біраз уақыт бұрын, Қаскелең қаласының тұрғыны Ләззат Нұрмахамбетова жолдасы екеуі көршілес Жамбыл ауданынан қонақтан келе жатып, осы Қарасай ауданындағы Бекболат ауылына туысқандарының үйіне бұрылады. Осы кезде жұбайын ит қауып, тісі тамырды кесіп кетіпті…

  • — Қараңғыда абдырап,  аяғын қатты байлап, қанды тоқтатқандай болып, бірден ауруханаға тарттым. Қаскелеңдегі аудандық орталық ауруханаға келіп, қабылдау бөлімшесіне кіргеннен дәрігерлер жылдам іске кірісті. Қажетті ем-домды жасап, жарақат таңу бөлімшесіне науқасты жатқызды. Тіс тура аяқтағы күре тамырға тиген соң, жолдасым біраз орнынан тұрмай, төсекте жатты. Не айтары бар, әуелі Алланың, сосын, он күн бойы ақ желеңді абзал жандардың жақсы қарауының арқасында жұбайым тәуір болды. Бірақ, ит қабуға қатысты барлық екпелерден де өтіп, талдамалар да жасатуымызға тура келді. Кейде, сол бізге үлкен зиян шектірген хайуанның әлі де бостандықта, емін-еркін жүргенін естіп, қатты алаңдаймын. Мұндай жағдайларға тиісті органдар бей-жай қарамаса деп ойлаймын… – деген Ләззат Нұрмахамбетова сөзінің соңында, сол кезде жедел көмек көрсетіп, қиын жағдайда жақсы қолдау көрсеткен травматология бөлімінің меңгерушісі Алтай Достияровқа, емдеуші дәрігер болған Жамбыл Бердалиевке, жалпы Қарасай аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне үлкен алғысын айтып, еңбектеріне жеміс, жақындарына тек амандық тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района