Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді. - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 17 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді.
22:37, 12 мая 2018

Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді.


Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді.  Осы кәсіби мерекеге орай аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы мерекелік шара өткізді. Кешті  аудандық орталық аурухана директоры Ербол Сарсенбаев ақ халатты абзал жандардың еңселі еңбектерінің зор екендігін айтып, құттықтауын білдірді.  Ары қарай аға медбикелер Анар Жылгелдиевага, Сауле Жайлаубаеваға, Гүлсім Қоспановаға  «Мейірім» орденін табыс етті. Сондай-ақ үздік орта медициналық қызметкерлерді  мейірімділік, кәсіби шеберлігі  Алғыс хаттарымен  марапаттады. Келесі сөз кезегі аудандық ауруханасы директорының орынбасары Бақыт Жамекенов  алып, саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтауға арнаған жандардың аз емес екендігін айтып,  еңбектерін ешқашан елеусіз қалдырмай, бағалайтындықтарын айтты. Дипломдарын енді қолдарына алып келген медбикелерді жігерлендіру мақсатында  «Жас маман» ленталарын тақса, еңбек жолын медицинаға арнап, осы жылы қызметінен зейнетке шығатын ардагерлеріне  құрмет  көрсетіліп,  сыйлықтар тарту етілді. Жігерлі   Жәдел жәрдем бөлімінің жас мамандары «Практика» қойылымы арқылы аурухананың біркүндік өмірін назарға ұсынса, ал Үшқоңыр ауылдық ауруханасының мейірбикелері «Қол жуу тәртібі» атты флешмобын көрсетті.  Кеш соңын  кәсіподақ төрайымы Сауле Малгараева қорытындылап, кәсіби мерекелеріне орай аудандық ауруханалардың әр бөлімшелерге күнделікті қажетті сыйлықтар табыс етілді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района