Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жуырда елордалықтар үшін 100 жаңа электр автобус қызмет ететін болады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жуырда елордалықтар үшін 100 жаңа электр автобус қызмет ететін болады
18:35, 05 августа 2019

Жуырда елордалықтар үшін 100 жаңа электр автобус қызмет ететін болады


Жыл соңына дейін елордада 10 жаңа электр автобусы жүретін болады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалалық автобус паркіне барып жұмысшыларды кәсіби мерекелері – Көлік қызметкерлері күнімен құттықтау кезінде айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Astana.gov сайтына сілттеме жасап.      Елордада жолаушылар көлігі саласында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Күн сайын 900 автобус жолға шығады, 1700 адам жүргізуші болып еңбек етеді. Соңғы 5 жылда 700-ден астам автобус сатып алынды, оларда ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауға арналған пандустармен жабдықталған және заманауи бейнебақылау жүйелерімен қамтылған. Көшеде ыңғайлы қозғалыс үшін әкімдік көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

– Қалалық акселератор аясында құрылған жұмыс тобы қоғамдық көлікті жақсартып, жетілдірумен айналысады. Біз жасыл экономикаға көшудеміз. Жыл сайын қала тұрғындарының саны өсуде, автокөліктер саны да көбейіп отыр. Қоршаған ортаға теріс ықпалды азайту керек. Жыл соңына дейін біз 100 электроавтобус сатып аламыз. Бұл тек үлкен шаруаның бастамасы ғана, — деп атап өтті А.Көлгінов.

Елорда әкімі қоғамдық көліктің басымдылығын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Осылайша, жеке Bus lane жолақтарының енгізілуіне байланысты автобустардың жүру жылдамдығы артқанын атады. Қазіргі кезде Bus lane жолағының арқасында автокөлікке қарағанда автобуспен қалаған жерге тез жетуге болады. Бұдан бөлек, билеттерді берудің электрондық жүйесін енгізу автотұрақтардың табысын 40 пайызға арттырды. Сонымен бірге, егер өткен жылы қызмет көрсету сапасына 13 мың шағым түскен болса, осы жылы 21 мыңнан астам шағым түсті (60%-ға өскен). Бұған қатысты жауапты мекемелер қоғамдық көліктің барлық қатысушыларына жайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеуде.

Қала әкімі көлік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстап, істеріне сәттілік және отбасыларына амандық тіледі. Кез-келген ауа-райында: қыста қақаған аязда, жазда күн ыстықта жұмысқа шығатын автобус қызметкерлеріне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өз атынан қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын», — деді А.Көлгінов.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района