Журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды

0
459

Бүгін Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау басталады деп, xабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған болатын. Биылғы жылы бұл марапат үшінші рет тапсырлады.  Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2018 жылғы 3 қыркүйек пен 2019 жылғы 15 маусым аралығында жазылған және жарық көрген материалдар қабылданады.

Қатысушылар: мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бейне-материалдар номинация бойынша анықталады. Сондай-ақ, Қазақстан парламенттік журналистикасының дамуына үлес қосқандар да ескеріледі. Өтінімдер 2019 жылдың 17 маусымына дейін қабылданады. Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында жарияланады. Қосымша ақпаратты Мәжілістің ресми сайтынан алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь