Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жолдаудағы жоспарлы жұмыстар айтылды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жолдаудағы жоспарлы жұмыстар айтылды
22:02, 24 октября 2018

Жолдаудағы жоспарлы жұмыстар айтылды


Бүгін ауданымызға қарасты барлық ауылдық округтер мен қаламызда  Елбасының осы жолғы Жолдауын насихаттау жұмысы  жүргізілді. Жиын барысын талқылау үшін аудан әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ, қала, округ басшыларының төрағылығымен  90 адамнан құралған 18 топ ұйымдастырылды. Солардың бірі – аудан әкімі орынбасары Айжан Назарбаеваның басшылығымен Қаскелең қаласындағы жиналысқа қатысты.  Абай мектеп-гимназиясында өткен отырысты Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев өзі модератор ретінде жүргізді.  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасы Жолдауын талқылауға атсалысу үшін қала тұрғындары, балабақша қызметкерлері, кәсіпкерлер, колледж және мектеп ұжымдары да болды.

Алғаш сөз кезегін алған аудан басшысының орынбасары Айжан Нұрділдәқызы Жолдаудағы тиімді бағыттарды түсіндіріп, оның ішінде мектеп ұжымына қатысты «Педагог мәртебесіне» кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ұстаздар қауымынан Абай мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмира Есмұратова мен ардагер оқытушы Несіпбала Әбділдаева сөз сөйлеп, Елбасының ұсынған Жолдауындағы барлық салаға қатысты пайдалы жұмыстарды ашып айтты.

Жолдау насихатын жүргізетін келесі топ қаламыздағы Алтын ауыл орта мектебінде өткізілген басқосуға белсене атсалысты. Бұл жолғы айшықты ойларын ортаға салып, көппен бөлісуге келген құрамның басшылығына қала әкімі Асқар Өкенұлы өзі жауапты болды. Әдеттегідей, Елбасының Жолдауындағы жүйелі бағыттар мектеп ұжымына тереңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тыңдаушылар тарапынан ортаға салған ойларға қатысты белсенділік те байқалып отырды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района