Жолдауға қатысты басқосу

0
410

Жақында ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялаған болатын. Қазіргі кезде мемлекет басшысының Жолдауы барлық жерде қызу талқылануда. Таяуда Қарасай аудандық полиция басқармасында да аталмыш Жолдауға қатысты жиын өткен болатын, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Оған басқарма басшысы Асқат Даниярдан бастап осы жерде қызмет ететін барлық мамандар қатысты. Жиынды бастаған Асқат Даниярұлы Жолдауда көптеген мәселелер қамтылғанын айта келе, екінші бөліміне, яғни, «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» нақты тоқталды. Ол Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай құқық қорғау жүйесін толық реформалау, полиция мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналу қажеттігін және 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастырылуын да айтып өтті.

Бұдан бөлек, жеке тұлғаның құқықтарын қорғаумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту қажеттігін алға тартты. Өйткені, жұмыстың айтарлықтай бөлігі өздеріне жүктелетінінде ескертті. Жыныстық зорлық-зомбылыққа, педофилияға, есірткі таратуға, адам саудасы мен басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстармен қарсы күресті күшейту керектігіне де баса назар аудартты. Сондай-ақ, «Жолдауда айтылған браконьерлік проблеманың мәселесі де шетте қалмай, маңызды жұмыстардың қатарына ену қажет», – деді Асқар Данияр. Ал, жиын соңында ол жақсы жаңалықпен, яғни, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінетінімен әріптестерін құлағдар етті. Бұл қаражат ең алдымен, құқық қорғау органдарының еңбекақысын көбейтуге және баспана жалға алуына жұмсалады екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь