Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жолдар жөнделе бастады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жолдар жөнделе бастады
12:07, 14 апреля 2018

Жолдар жөнделе бастады


Қазіргі таңда аудан көлемінде Қаскелең қаласы мен өзге де бірқатар елді мекендердің жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы аптада аудан орталығының кейбір, атап айтқанда, Қарасай батыр, Төле би, Жанғозин, Асқаров, Мақашев, Байғазиев, Өмірәлі, Бөгенбай батыр сияқты негізгі көшелерін, «Алтын ауыл» ықшам ауданының Бәйдібек көшесін тегістеу басталып кеткен. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «ДРСУ — 8» ЖШС өз жауапкершілігіне алған.

Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан бойынша тағы он көше орташа жөндеуден өтпек. Яғни, оларға жол белгілері, жаяу жүргінші жолақтары қоса қойылады. Барлығы 9,3 шақырымды құрайтын бұл жұмыстарға 357 млн 231 мың теңге қаражат бөлінген. Қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде.

Бұдан бөлек, мамыр айында Шамалған ауылындағы Жібек жолы мен Мақатаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылады. Ол істі мердігер мекеме «KazRosLtd-kz» 3 млн-ға таяу қаражыға жүзеге асырмақ.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района