Жетісулықтар коронавирус инфекциясынан көз жұмғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

0
381

Мемлекет басшысының жариялаған еліміздегі Жалпыұлттық аза тұту күнінің аясында COVID-19 вирусынан көз жұмған адамдарды бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласының тұрғындары да бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаралы жиын облыстық әкімдіктің жанындағы Мемлекеттік Ту тұғыры тұрған орталық алаңда, облыстық аурухана ғимараты маңында барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Облыс басшысы Амандық Баталовтың қатысуымен өткен жиында өңірдегі ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, медицина мамандары індеттен қаза болғандарды құрметпен еске алды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь