Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕГІ КӘСІПОРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАҒА ҮЛЕСІН ҚОСТЫ (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕГІ КӘСІПОРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАҒА ҮЛЕСІН ҚОСТЫ (Видео)
14:54, 19 июля 2019

ЖЕТІСУ ЖЕРІНДЕГІ КӘСІПОРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАҒА ҮЛЕСІН ҚОСТЫ (Видео)


Жетісу өңірінде орналасқан түрлі металл құрастырмаларын жасап шығаратын «Қарасай машина өңдеу зауыты» жақында «Shneider Electric» компаниясының өнімін өндіруге септігін тигізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Аталған зауыт бүгінгі таңда еліміз бойынша ауқымды тапсырыстарды орындаушы ретінде белгілі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Соның бір дәлелі ретінде «Shneider Electric» компаниясының Алматы облысындағы «Қарасай машина өңдеу зауытымен» бірлесіп дайындаған өнімін айтсақ болады. «Shneider Electric» компаниясы дайындаған модульді қосалқы стансасының сыртқы сапалы қаңқасын Жетісу жеріндегі қарасайлық зауыт өндіріп шығарды. Қондырғының негізгі атқаратын қызметі – мұнай-газ өндіру саласындағы электр қуатын бақылауды қамтамасыз ету. Бір айта кетерлігі, бұл өнім Қазақстан бойынша алғаш дайындалған модульді қосалқы станса болып есептеледі. Ал, оның ішкі құрылысына қажетті заттар 65%-ды отандық өнім болып табылады.

Жалпы айтқанда, тапсырыс беруші «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» (ҚПО) компаниясы болғандықтан, басты мақсат еліміздегі мұнай-газ саласының стратегиялық дамуын арттыра отырып, отандық өнім үлесін көбейту. Осы аптада ҚПО-ның шетелдік өкілдері, инвесторлары және Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының басшылары облыстағы  зауытта бас қосып, «Shneider Electric» компаниясы дайындаған модульді қосалқы стансаларының жөнелту рәсіміне қатысты және модульді қосалқы стансалардың жөнелтілуіне байланысты мәжіліс залда мәмілеге қатысты ойларын айтты. Осылайша салтанатты рәсімнен кейін «Shneider Electric» компаниясының модульді қосалқы стансаларының бірі арнайы жүк көлігіне тиеліп, Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан БҚО, Бөрілі ауданы, Ақсай қаласына жөнелтілді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района