Воскресенье, 25 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Жетісу бөрісіне» жолдама алды
19:42, 14 апреля 2017

«Жетісу бөрісіне» жолдама алды


Бүгін Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл мектебінде аудан әкімінің жүлдесіне арналған «Жетісу бөрісі» өңірлік бәсекесіне қатысушыны анықтауға арналған «Қарасай бөрісі» іріктеу турнирі өтті. Айтулы додаға әр округтен мықты деген 22 палуан қатысып, оларға алдымен аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ сәттілік тілеп, жақсы тілегін жеткізді.

Сонымен, боз кілем үстіне ұлттық киімдегі арулардың бастауымен қазақы шапан жамылып, иықтарына қасқырдың терісін ілген, жігерлі жігіттер ортаға шықты. Олардың артынан ойындарын бағалайтын төрешілер өз орнына жайғасып, әр округтің намысын қорғап келген палуандар алма-кезек бақ сынаса бастады. Қарсыластарынан басым түсуге тырысып, бірі жықты, екіншісі жығылды, біреуі жарақаттанса да, ойынды тоқтатпай жеңіс тұғырынан көрінуге барын салды…

Ең шешуші сәт! Бірінші орын иегерін анықтау үшін ортаға осы сайыста жауырындары жерге тимеген райымбектік Исатай Қойшыбаев пен жамбылдық Асқар Турекулов шықты. Екі мықты бірін-бірі оңай ала алмады, алайда, боз кілем үстіндегі бес минуттың ішінде соңғысы мықтылық көрсетті. Енді бұлардың екеуі де облыстық «Жетісу бөрісі» бәсекесінде бақ сынап, ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Жеңіс тұғырына көтерілген палуандарды аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Серік Қамзанов, жарыстың бас төрешісі Қайрат Қуандықов, спорт ардагері Әнуарбек Сұлтанов марапаттап, бірінші орын иегеріне 150 мың теңге, ал, екінші орын иегеріне 100 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етті.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района