«Жетісу адалдық алаңында» қоғамдық қабылдау өтті

0
269

Жақында ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті директорының орынбасары Мақсат Жақсыбаев пен әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Аманжол Жазықбаевтың айтуынша тұрғындардың басым бөлігі – мемлекет тұрғын үй қорынан үй алу, жер телімін рәсімдеу сынды өтініш білдіреді екен. Жалпы, бұл мәселелер адалдық алаңы жобасы аясында кестеге сай жүргізіліп келеді. Осы орайда жақында атаулы жобалық кеңсе ғимаратында ҚР Әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті директорының орынбасары Мақсат Жақсыбаев пен Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова қоғамдық қабылдау өткізді. Жиын барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын қалай сақтау қажеттігі жайлы айтылып өтті.

Бір айта кетері, облыста жыл басынан бері «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде 50-ге жуық қоғамдық қабылдау өтіп, 200-ден аса азамат өтініш берген. Бүгінде оның 30 пайызға жуығы оңтайлы шешімін тапқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь