Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жерлесіміз  «OTAU TV»-дан тоңазытқыш  ұтып  алды! - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 15 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жерлесіміз  «OTAU TV»-дан тоңазытқыш  ұтып  алды!
17:19, 04 января 2017

Жерлесіміз  «OTAU TV»-дан тоңазытқыш  ұтып  алды!


«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясы абоненттеріне арналған кезекті акциясын қорытындылады. Акция ережелеріне сәйкес телеарналардың «Толық» топтамасына 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде қосылу қажет болатын.

«Random» кездейсоқ сандар генераторы арқылы бірінші орын жеңімпазы – Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жұмахан Балапанов ауылының тұрғыны Садвакасова Жанар Асылбекқызы автокөлік иегері атанса, Қызылорда қаласының тұрғыны Досмағанбетов Мұрат «Iphone 6» смартфонын ұтып алды. Ал, үшінші орын біздің жерлесіміз, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының тұрғыны Мирманов Алпамыс  Жақсылықұлына бұйырып, ол тоңазытқыш иеленді.

Бұл ұтыс ойыны 2015 жылғы 1 қазаннан бастау алған акциялардың қорытындысы болды.  Осыған дейін ұтыс ойынының екі кезеңі өткізілген болатын: бірінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазына Smart TV теледидары табысталып, ал, екінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазы Үндістанға Гоа аралына екі адамға арналған  сапар жолдамасын ұтып алғанын да айта кеткен жөн.

Жалпы,  бүгінгі күні OTAU TV жерсеріктік телевизиясын пайдаланушы абоненттер саны 1 миллионнан асты, бұл шамамен 4 миллионнан астам отандастарымыздың қатарын құрайды. «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтеріне қосылу еліміздің барлық аумағында қолжетімді. Біздің абоненттер отандық 56 телерадио арнаға тегін және ақылы түрде 63 танымал шетелдік телеарнаға қосылу мүмкіндігіне ие. Осылайша, қалалық және ауылдық тұрғындарға отандық және шетелдік арналардан жан-жақты ақпарат алуға тең мүмкіндіктер жасалған. «Қазтелерадио» хабар тарату сапасын арттыру мен телерадио арналарының оңтайлы тізімін қалыптастыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырады. «Қазтелерадио» АҚ коммерциялық директоры, басқарма мүшесі  Евгений Галкиннің айтуынша, 2017 жылдың І тоқсанында тұтынушыларға HD-сападағы телеарналардың кең таңдауын ұсыну жоспарлануда.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района