Воскресенье, 25 февраля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Жер жайы кеңінен сөз болды
13:59, 06 апреля 2017

Жер жайы кеңінен сөз болды


Дүйсенбі күні, аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтіп, онда негізінен қазіргі кездегі өзектілігі өршіп тұрған, жер мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Аудан әкімі Махаббат Бигелдиев төрағалық еткен жиын барысында алдымен аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ күн тәртібіне қойылған  «Аудандық жер қатынастары бөлімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау жөнінде атқарған  жұмысы туралы» баяндама жасады.

Өткен жылы аудандық  жер қатынастары бөлімінде жер телімінің берілуінде және пайдалануында жердің заңнамалық талаптарының сақталуын қадағалау жөнінде нақты жұмыстар атқарылғанын, мекемеге келіп түскен жалпы саны 1574 арыз қанағаттандырылып, аудан әкімінің қаулысы дайындалғанын сөз етті. Сонымен қатар, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығындағы жерлері жөнінде, округтерде игерусіз қалған 175,03 га жер туралы ақпарат Алматы облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына шара қолдану үшін жіберілгенін,  қазіргі уақытта анықталған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндаған аудан әкімінің орынбасары іс барысындағы кейбір кемшіліктерді де алға тартты. Мысалға, былтыр пайдаланбай жатқан жерлердің тексеру жұмыстары бойынша Қаскелең қаласы, Райымбек, Елтай, Жамбыл, Үшқоңыр, Бірінші Май ауылдық округтері салғырттық танытқан. Сонымен қатар, 2016 жылы аудандық жер қатынастары бөліміне 12 нысан бойынша жұмыстарға барлығы 23,7 млн. теңге бөлінген, оның 11,1 млн. теңгесі игерілмей қалған. Сол себептен, аудандық жер қатынастары бөліміне жер учаскесін өз бетінше иеленіп алуға қарсы іс қимыл бойынша құрылған жұмыс тобының жұмысын жақсарту, «Жер қатынастарын реттеу саласындағы  2017-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес, құжаттық түгендеу шараларын жандандыру, заңнаманы бұза отыра алынып қойылған жер учаскелеріне негізсіз төленген қаражатты мемлекет бюджетіне қайтару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігі тағы да ескертілді.

Сонымен қатар, Рысқұлов, Ақын Сара көшелері бойынша жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін игеруге, Алматы – Бішкек, Алматы – Шу автомобиль жолын кеңейту жұмыстарының барысы мен кейбір кемшіліктер жайы да назардан тыс қалмады.

Жалпы жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Азамат Болубаев, Райымбек ауылдық округінің әкімі Айдын Әуесбай, «Азаматтарға арналған Үкімет“ Мемлекеттік Корпорациясы“ коммерциялық емес АҚ Алматы обьлысы бойынша филиалы — Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті  Қарасай аудандық бөлімшесінің басшысы Руслан Сапарбеков та шығып сөйлеп, өз құзіреттері бойынша қолға алынып жатқан істер жайына тоқталып, аудан әкімі тарапынан туындаған сұрақтаға жауап берді.

Әкімдік мәжілісін қорытындылаған аудан басшысы Махаббат Садуақасұлы қалай болғанда да бүгінгі таңда өзектілігін жоймай келе жатқан жер мәселесіне келгенде ешбір салғырттық пен заң бұзушылық орын алмауы керектігін қатаң ескертіп, атқарылатын жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауды, қай істе де шапшаңдық пен ұқыптылық болуы қажеттігін ескертті.

Жиынға мәслихат хатшысы және депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес, ардагерлер ұйымы, кәсіподақ комитеті мүшелері, аудандық құқық қорғау органдары қызметкерлері, аудандық бөлімдер мен басқарма басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары қатысып отырды.

Әкімдік мәжілісі соңында қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района