Жемқорлық фактісі туралы хабарлаған 9 адамға 1,5 миллион теңге сыйақы төленді

0
594

Жемқорлық фактілерін әшкерелеген 9 адамға 1,5 млн теңге көлемінде сыйақы берілген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ринат Қабиев хабарлады.

– Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған белсенді азаматтық ұстанымы бар ел тұрғындарын ынталандыру тәжірибесі де бар. Айталық, 2019 жылы Call-орталыққа түскен шағымдар бойынша сотта қаралған қылмыстық істер бойынша 9 азаматқа 126 250 теңгеден 176 750 теңгеге дейін, жалпы 1,5 млн теңгеге жуық сыйақы берілді, – деді ол.

Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің үстінен де шағым түсетіндігін айтады. Дегенмен, мұндай шағымдарды агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік қызметі тыңғылықты тексереді. Сонымен қатар, Ринат Қалиевтің айтуынша, Call-орталыққа келіп түсетін шағымдардың басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі. Бұл өңірден өткен жылы 148 шағым түскен. Одан кейін Алматы облысы (137) мен Алматы қаласынан да (112) шағым жиі түседі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь