Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Жемқорлыққа жол бермеу үшін жұмылуда - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 16 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
9:34, 24 мая 2017

Жемқорлыққа жол бермеу үшін жұмылуда


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында: «Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады», — деп атап өткен еді.

Осыған сәйкес, қазіргі таңда елімізде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзіреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет саналатын ол саяси даму тұрғысынан бір — біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай — қайсысынан да қатты алаңдататыны айқын.

Елімізде бұл тұрғыда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» заң қабылданып, өз деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін жеке басы пайдасына асыруы сыбайлас жемқорлық деп саналатындығы нақтыланған. Сондай- ақ, аталған заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің негізгі қағидалары анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық түрлері, сонымен қатар, жауапкершілікке тарту жағдайлары бекітілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы»   департаментінің Қарасай аудандық бөлімі мамандарының айтуынша, аталған заң жемқорлықтың алдын алуға, оның жолын кесуіне тосқауыл болады. Бір атап айтарлығы, парақорлықпен күресте тек құқық қорғау органдарының күші жеткіліксіз. Ең алдымен бұны қарапайым халық қолдауы қажет.

Таңда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне басшылар тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында күнделікті нұсқаулар жүргізіліп, арнайы ескертіледі. Осылайша ұжым еліміздің нығайып, гүлдену жолында, мамандарға жүктелген барлық міндеттерді абыроймен атқаруда.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района