Желілік басылым жетістікке жетті

0
251

«Karasayinfo.kz» желілік басылымның жұмысы облыс көлемінде бағаланғанын айтқымыз келеді. Күні кеше облыс әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында ұйымдастырылған «Самғау» байқауының жеңімпаздары анықталып, үздіктердің арасында біздің желілік басылым да болды.

Ауданның тыныс-тіршілігінен бөлек республика бойынша бірқатар жаңалықтарды қамтып, жалпақ жұртқа жария етіп отыратын ақпарат көзінің жұмысы заман ағымымен жаңғырып, жаңарып келеді. Атлана Исаева басшылық ететін желілік басылымның осындай еңбегі елеусіз қалмай, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жүлдесіне ие болуы біздің ұжым үшін ерекше жетістік деп білеміз.

Жалпы, бұл байқауда республикалық, облыстық, аудандық және қалалық   бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты 145 үміткердің жұмысы қабылданып, 11 номинация бойынша бағаланды. Салтанатты жиынға қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы журналистика саласы қоғамда ерекше орын алатынын айтып, алдағы қызметтеріне шығармашылық табыс тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь