Желіде «коронавирус биі» тарап жатыр

0
115

Вьетнамның денсаулық сақтау департаменті коронавирусқа байланысты дүрбелеңді тыныштандыру үшін «Қызғаншақ коронавирус» атты видеоклип жариялады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік баслымы  IranPrimer сайтына сілтеме жасап.

Жарияланған видеода вирустың қалай таралғаны, қайдан шыққаны және оны жұқтырмау үшін не істеу керегі айтылады. Видеода «Қолымызды жуамыз, сүртеміз, сүртеміз», – делінген

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде коронавируспен күресу мақсатында бейнежазбалар жариялап жатыр. Иранда індет жаппай таралуына қарамастан жергілікті халық мойымай, Twitter желісінде флешмоб бастап, видеолар жариялап жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді. Алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр. Олар: Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапония елдері.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь